ТӘЖІКСТАНДАҒЫ АЗАМАТ СОҒЫСЫ КЕЗІНДЕГІ
ТҰРАҚТАНДЫРУ ОПЕРАЦИЯСЫ
ТМД-ның 1992 жылғы 9 қазандағы келісіміне және ТМД-ның 1993 жылғы 22 қаңтардағы шешіміне сәйкес біріктірілген қазақстандық батальон Бадахшан таулы аймағына орналастырылды және Тәжікстан азаматтық соғысы басталғаннан кейінгі дағдарыс кезеңінде тәжік-ауған шекарасын қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерін орындады. Қазақстандық батальонмен бірге көршілес аймақтарда осындай міндеттерді ресейлік, өзбек және қырғыз бөлімшелері орындады.
Бастапқыда 1992 жылдың күзінде Тәжікстанға Қапшағай қаласында орналасқан 35-ші жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының жеке батальоны 300 десантшы жауынгері техникасыз жіберілді. 1993 жылдың көктемінен бастап Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 15 сәуірдегі қаулысы және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 сәуірдегі № 335 қаулысы негізінде жеке атқыштар батальоны құрылды.
Тәжікстандағы қазақстандық әскерлердің жауынгерлік міндеті алдымен Хорог қаласында, содан кейін Калаи-Хумб елді мекенінде Ресейлік шекара жасақтарыныңблокпостары мен заставаларын күшейту болды.
1993 жылғы қыркүйектен 2001 жылғы ақпанға дейін Тәжікстандағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі операцияға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 10 300 әскери қызметшісі қатысты.