KAZCENT
IMET (ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ) БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АЛДЫН АЛА ТІЛДІК ДАЙЫНДЫҚ
Курстың сипаттамасы:
Ағылшын тілін үйрену АҚШ әскери-тілдік институтының (DLI) мамандары әзірлеген оқу материалдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқытудың негізгі нысаны практикалық сабақтар, аудио және бейнематериалдармен өзіндік жұмысы, сондай-ақ оқытушылардың тапсырмаларын орындауы болып табылады. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысын бақылауды оқытушы практикалық сабақтар кезінде жүзеге асырады.
Курстың мақсаттары:

1. Әскери қызметшілерді АҚШ-тағы мамандандырылған курстарда оқуды сәтті жалғастыру үшін қажетті деңгейге дейін оқыту;
2. ECL тестін тапсыру (ағылшын тілін түсіну деңгейін анықтайтын тест) 100 балдан кем дегенде 56 балл.
Курс материалдары:
  • Практикалық сабақтарға арналған нұсқаулық кітаптар
  • Практикалық және зертханалық сабақтарға арналған студенттік кітаптар
  • Компьютерлік дискілер
  • Тест жиынтығы
  • Көрнекі құралдар
Курсқа ескертулер:
  • Алдын ала дайындық қажет емес
  • Оқыту тілі: ағылшын
  • Оқыту әдісі: нұсқаушының басшылығымен практикалық және бақылау сабақтары
  • Курстың ұзақтығы: 6 ай
  • Аудитория: Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери қызметшілері мен қызметшілері
  • Курс тыңдаушыларының саны: сұранысқа сәйкес
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
_
Байланыс деректерi:

Заңды мекен-жайы:
Жароков көшесі - 210, Алматы қаласы 050060, Қазақстан Республикасы
Телефон:
+7 (727) 274 13 81
+7 (727) 274 83 00 (Fax)
Email:
kazcent@mod.gov.kz
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігінің сайты