Орталық туралы

Қазақстандық бітімгершілік операциялар орталығы (KAZCENT) - Қорғаныс министрлігінің қосымша білім беру мекемесі болып табылады. Ол бейбітшілікті қолдау жөніндегі оқу орталықтарының халықаралық қауымдастығының (IAPTC) және серіктес оқу және білім беру орталықтары қауымдастықтарының (PTEC) мүшесі болу құрметіне және ұлттық контингенттер, сондай-ақ халықаралық әріптестер үшін өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды (мамандандырылған курстар мен қарқынды тілдік дайындық) бірлесіп ұйымдастыру және өткізу миссиясына иелік етеді.

Мақсаты
Әскери, полиция және азаматтық қызметшіліерге шет тілін оқытуға және бітімгершілік операцияларына, халықаралық құқық негіздеріне, бітімгершілік қызмет жөніндегі нормативтік құқықтық базаның ережелеріне оқыту бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.
Тарихи кезеңдер
2006
2006 жылдың желтоқсанында Қорғаныс министрлігінің Шет тілдер институты жанынан "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" Оқу орталығы ретінде құрылды
2010
2010 жылдың желтоқсанында одақтастардың жоғары трансформация жөніндегі қолбасшылығының штабы (SACT) тарапынан серіктес оқу және білім беру орталықтары қауымдастығының (PTEC) мүшесі ретінде танылды
2019
UNSOC және UNPOCC курстары 2019 жылғы қаңтарда бітімгершілерді даярлау саласында БҰҰ-ның мойындауына ие болды
2020
2020 жылғы ақпанда "ҚР ҚМ Бітімгершілік даярлық орталығы" ретінде кеңейтіліп, атауы өзгертілді және Бас штабтың жауынгерлік даярлық департаментіне қайта бағындыру ұйымдастырылды
2022
2022 жылғы қарашада "ҚР ҚМ Бітімгершілік операциялар Орталығы" ретінде кеңейтіліп, атауы өзгертілді және Бас штабтың Халықаралық ынтымақтастық департаментіне қайта бағындыру ұйымдастырылды
Дамыту бағыттары
  • Өңірлік әлеуетті одан әрі нығайту

  • Орталық өткізетін барлық курстардың БҰҰ тарапынан сертификатталуына қол жеткізу

  • Халықаралық бітімгерлерді даярлау орталықтары қауымдастығының жыл сайынғы конференциясын Қазақстанда өткізу

  • КАЗЦЕНТ мобильді-жаттығу топтарымен өткізілетін шығу курстарын көбірек ұсыну

  • Ресми сайтты жетілдіру

  • Орталық нысандарын жетілдіру

  • Ұлттық және өңірлік деңгейлерде жаңа курстар енгізу

  • Нұсқаушы құрамының біліктілігін ұдайы арттыру
Халықаралық тану
2006

КАЗЦЕНТ 2006 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шетел тілдері әскери институтының негізінде құрылды

2010

2010 жылы желтоқсан айында Серіктестік оқыту және білім беру орталықтарының 19-шы мүшесі ретінде танылды

2016

2016 жылдың қыркүйегінде Халықаралық бейбітшілік оқу орталықтары қауымдастығына қосылды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
_
Байланыс деректерi:

Заңды мекен-жайы:
Жароков көшесі - 210, Алматы қаласы 050060, Қазақстан Республикасы
Телефон:
+7 (727) 274 13 81
+7 (727) 274 83 00 (Fax)
Email:
kazcent@mod.gov.kz
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігінің сайты