KAZCENT
БҰҰ БЕЙБІТ ТҰРҒЫНДАРДЫ КЕШЕНДІ
ҚОРҒАУ КУРСЫ (UNCPOCC)
КУРСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Курс тактикалық деңгейде "бейбіт тұрғындарды қорғау" тақырыбы бойынша үш модульден тұрады. Модульдерді БҰҰ- ның Бейбітшілік операциялары департаментінің Біріккен оқыту қызметі (ITS) құрастырып əзірлеген. Курстың барлық материалдары БҰҰ тарапынан мақұлданған жəне POC мандатымен БҰҰ миссияларына жіберілетін үміткерлер үшін міндетті болып табылады.


Бұл курс презентациялар, бейнероликтер, синдикат талқылаулары жəне сценарий жаттығулары арқылы жүзеге асырылады. Синдикат топтары сценарийлерге негізделген мəселелерді шешеді жəне жалпы отырыста өз шешімдерін ұсынады. Тыңдаушыларды БҰҰ-ның интеграцияланған миссиясына дайындау үшін синдикаттық сценарийлер аралас болады.
КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ

Курстың мақсаты əскери, полиция жəне азаматтық персоналға (рота-батальон деңгейі) бейбіт тұрғындарды қорғау тұжырымдамасын жəне осал топтардың жағдайын жақсарту, оларды əртүрлі қауіп-қатерден қорғау үшін көп аспектілі бітімгершілік операциялары аясында қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіру. БҰҰ Бітімгершілік даярлық департаменті бейбіт тұрғындарды қорғау бойынша жан-жақты дайындықты БҰҰ миссиясына орналастыру алдында міндетті деп санайды.
ОҚУ ТАҚЫРЫПТАРЫ
  • Кешенді миссия тұжырымдамасы жəне миссия элементтерінің əртүрлі рөлдері мен міндеттері түсіндіріледі
  • Бейбіт тұрғындарды қорғау БҰҰ бітімгершілік қызметінің басты мақсатына қалай жəне неге айналғанын жəне бейбіт тұрғындарды қорғай алмау миссия мен БҰҰ-ға деген сенімге қалай əсер етуі мүмкін екені түсіндіріледі
  • Бейбіт тұрғындарды қорғау мандаты берілген БҰҰ бітімгершілік миссиясындағы қорғау объектілері түсіндіріледі
  • Бейбіт тұрғындарды қорғау бойынша бітімгерлердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіріледі
КУРС ТУРАЛЫ ЕСКЕРТПЕЛЕР
  • Ұзақтығы: 5-10 күн (1-2 апта)
  • Тыңдаушы саны: 25
  • Жоспарланған мерзім: 2024 жылғы 17-28 маусым
  • Қатысушы аудитория: БҰҰ бітімгершілік операциясы
    шеңберінде орналастырылатын əскери қызметшілерге арналған. Курс НАТО, PRM, MD, ICI жəне басқа елдер үшін ашық
  • Курс тілі: ағылшын
  • Құпиялық деңгейі: құпия емес
  • Курсқа өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
_
Байланыс деректерi:

Заңды мекен-жайы:
Жароков көшесі - 210, Алматы қаласы 050060, Қазақстан Республикасы
Телефон:
+7 (727) 274 13 81
+7 (727) 274 83 00 (Fax)
Email:
kazcent@mod.gov.kz
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігінің сайты