БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ШТАБ ОФИЦЕРЛЕРІ КУРСЫ (UNSOC)
КУРСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Бұл курс əскери, құқық қорғау жəне азаматтық персоналды БҰҰ штаб-пəтерінің əртүрлі деңгейлерінде тиімді жұмыс істеуге дайындауға арналған курс. Штаб офицерлерінің стратегиялық, жедел жəне тактикалық деңгейлердегі маңызды өзара байланыстырушы рөлін ескере отырып, олар мандаттың тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін өз міндеттерін орындауда білікті болуы керек.
Бұл курс бұрын өткізілген UNSOC-тың жаңа міндеттерді шешуге жəне оқыту мақсаттарын кеңейтуге бағытталған жалғасы болып табылады. Сондықтан қатысушылардың көпшілігі білім базасын да, БҰҰ-ның қазіргі миссиясы шеңберінде халықаралық ортада жұмыс істеудің практикалық тəсілін де пайдалана алады.
КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ
Бұл курстың мақсаты БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларындағы күштер мен секторлар деңгейінде жұмысқа жалпы əскери тəсілді қамтамасыз ету үшін БҰҰ-ның стандарттарын ұсыну жолымен миссия алдындағы дайындық бойынша Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің ұлттық күш-жігерін қолдау болып табылады. Бұл курс Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да əскерлері мен əскери құрылымдарының жеке құрамын БҰҰ- ның əртүрлі бітімгершілік операцияларына (БҰҰ) қатысуы үшін кешенді даярлауға арналған.
Кез келген бітімгерші есте сақтауы тиіс мінез-құлық пен тəртіптің негізгі қағидаттары мен стандарттары
БҰҰ бітімгершілік миссиясының əртүрлі компоненттері арасындағы əскери-азаматтық ынтымақтастықтың негізгі қағидалары
Кемсітпеу принципі, нəсіліне, жынысына, этникалық тегіне, дініне немесе мəдениетіне қарамастан адамдарға тең қарым-қатынасты үйрету
Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу қағидаларына қатысты негізгі құқықтық құжаттар мен рəсімдер тақырыптарымен танысады.
КУРС ТУРАЛЫ ЕСКЕРТПЕЛЕР
Ұзақтығы: 5-10 күн (1-2 апта)
Қатысушы саны: 25
Жоспарланған мерзім: 2024 жылғы 20-31 мамыр
Оқу аудиториясы: БҰҰ бітімгершілік операциясы шеңберінде орналастырылатын əскери қызметшілерге арналған. Əскери штаб офицерлері əскери қызметкерлердің ұлттық базалық курсынан өтуі керек. Курс НАТО, PRM, MD, ICI жəне басқа елдер үшін ашық
Курс тілі: ағылшын
Құпиялық деңгейі: құпия емес
Курсқа өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
_
Байланыс деректерi:
Заңды мекен-жайы: Жароков көшесі - 210, Алматы қаласы 050060, Қазақстан Республикасы Телефон: +7 (727) 274 13 81 +7 (727) 274 83 00 (Fax) Email: kazcent@mod.gov.kz
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің сайты