Курстың сипаттамасы:
Ағылшын тілін үйрену АҚШ әскери-тіл институтының мамандары әзірлеген оқу материалдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оқытудың негізгі нысаны практикалық сабақтар, аудио және бейнематериалдармен өзіндік жұмысы, сондай-ақ оқытушылардың тапсырмаларын орындауы болып табылады. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысын бақылауды оқытушы практикалық сабақтар кезінде жүзеге асырады. Оқыту қорытындысы бойынша курс тыңдаушылары ALCPT (ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға арналған тест) тестін тапсырады, оның нәтижесі 100 балдың ішінен 66 баллдан кем емес болуы керек.