КАЗЦЕНТ БҰҰ-ның әскери бақылаушыларына арналған бұл курс БҰҰ әскери бақылаушыларының арнайы оқу материалдарын (UNMO STM) негізге ала отырып әзірленген. Бұл материалдарда БҰҰ-ның орналастыру алдындағы талаптары, сабақ жоспарлары және БҰҰ әскери бақылаушылары үшін арнайы жасалған сабақтар ұсынылған.
Орналастырудан бұрынғы дайындықтың негізгі оқу материалдары (CPTM) осы БҰҰ әскери бақылаушылар дайындығының алғы шарты ретінде енгізілген.
КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ
Бұл курстың мақсаты БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларында әскери бақылаушы ретіндегі қызметке жалпы әскери көзқарасты қамтамасыз ету үшін БҰҰ даярлау стандарттарын ұсыну арқылы, орналасу алдындағы дайындық бойынша Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің әлеуетін қолдау болып табылады.
Бұл курс тек әскери бақылаушы ретінде тағайындалған қызметкерлерге ғана емес, сонымен бірге әскери шешімдер қабылдаушыларға, штабтық офицерлерге және тактикалық бөлімшелердің басшыларына да арналған.
ОҚУ ТАҚЫРЫПТАРЫ
Курс тыңдаушыларына:
БҰҰ Әскери бақылаушыларының командалық және басқару, құрылымдық жүйесі
БҰҰ Әскери бақылаушыларының материалдық-техникалық және әкімшілік қамтамасыз ету консепті
БҰҰ бейбітшілікті қолдау бағытындағы барлау іс-шаралары
БҰҰ тексеру мен растаудың негізгі әдістері
Байланыс және үйлестіру
Келіссөздер және делдалдық
Сұхбат алу әдістері
Қаруды, көлік құралдарын және ұшақтарды тану
Қарусыздану, демобилизация және реинтеграция (DDR)
Миналар, жарылғыш заттар, қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар және кратерлерді талдау
Аудармашылармен жұмыс;
Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс
БҰҰ әскери бақылаушыларының баяндау рәсімдері тақырыптарында сабақ жүргізіледi
КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫНА ТАЛАПТАР
Қатысушы аудитория: осы дайындықтан өтетін әскери қызметкерлерге тактикалық деңгейдегі (жеке немесе ұжымдық) тәжірибесінің болуы
Әскери шен аралығы: ОF-1 ден OF-5 ке дейін
Тілдерді білуі: ағылшын (2222 STANAG 6001)
Офицерлер келесі дағдыларды игеруі керек: шет тілін білу, жазу, есеп беру, брифинг өткізе білу, келіссөздер жүргізу және тіл көмекшілерін пайдалану
Офицерлер әскери командалық тізбек пен қармағындағы бөлімшелерге жауап бере отырып, азаматтық адамдар басқаратын миссияның құрылымы аясында жұмыс істей алуы керек
Компьютерде жұмыс істеу негізгі дағдылары (MS Office қосымшалары, веб)
КУРС ТУРАЛЫ ЕСКЕРТПЕЛЕР
Ұзақтығы: 15 күн, әрқайсысы 50 минуттан 6-7 күндік сабақ және сценарий бойынша далалық жаттығулар үшін 5 күн
Қатысушы саны: 30
Жоспарланған мерзім: 2024 жылғы 2-27 қыркүйек
Оқу аудиториясы: ұлттық және аймақтық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Курс НАТО, PRM, MD, ICI және басқа серіктес елдер үшін ашық
Курс тілі: ағылшын
Құпиялық деңгейі: құпия емес
Дресс-код: жауынгерлік салтанатты нысан (камуфляж)
Курсқа өтінім беру мерзімі: 2024 жылғы 8 тамызға дейін
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
_
Байланыс деректерi:
Заңды мекен-жайы: Жароков көшесі - 210, Алматы қаласы 050060, Қазақстан Республикасы Телефон: +7 (727) 274 13 81 +7 (727) 274 83 00 (Fax) Email: kazcent@mod.gov.kz
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің сайты