БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРДА ӘСКЕРИ АҒЫЛШЫН ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ КУРСЫ (METPOC)
КУРСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Бұл курс əскери қызметшілерді ағылшын тілді ортада жетістікке жетуге дайындайды. Курстың мақсаты-офицерлер мен сержанттарды НАТО-ның басшылығымен көпұлтты жəне бірлескен ортада бейбітшілікті қолдау операцияларында жəне көпұлтты штабта тиімді жұмыс істеуге үйрету. Курс барысында қатысушылар ауызша жəне жазбаша əскери терминологияны оқып, тəжірибе жинақтайды, сондай-ақ көпұлтты операцияларда міндеттерді табысты орындау үшін жеткілікті деңгейде аббревиатуралармен жəне қысқартулармен танысады.
КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ Тыңдаушылардың əскери сөздік қорын кеңейту жəне əскери ағылшын тілінің дағдыларын күшейту, жеке студенттерге бейбітшілікті сақтау операциясы аясында немесе көпұлтты жаттығуларға қатысушы ретінде көпұлтты штабта тапсырмаларды орындау үшін ағылшын тілін қолдана білуге үйрету.
КУРС ТУРАЛЫ ЕСКЕРТПЕЛЕР
Ұзақтығы: 5-10 күн (1-2 апта)
Қатысушы саны: 25
Жоспарланған мерзім: сұраныс бойынша
Қатысушы аудитория: ұлттық жəне аймақтық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Курс НАТО, PRM, MD, ICI жəне басқа елдер үшін ашық
Курс тілі: ағылшын
Құпиялық деңгейі: құпия емес
Курсқа өтінім беру мерзімі: сұраныс бойынша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
_
Байланыс деректерi:
Заңды мекен-жайы: Жароков көшесі - 210, Алматы қаласы 050060, Қазақстан Республикасы Телефон: +7 (727) 274 13 81 +7 (727) 274 83 00 (Fax) Email: kazcent@mod.gov.kz
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің сайты