"БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ НЕПАЛДАҒЫ МИССИЯСЫ"
Біріккен Ұлттар Ұйымының Непалдағы миссиясы (БҰҰ НМ) арнайы саяси миссия болып саналды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2007 жылғы қаңтардағы №1840 қарарымен жан-жақты қамтылған бейбіт келісімнің негізгі тармақтарын жүзеге асыруға көмек көрсету мақсатында құрылды. Бұл келісім елдегі ішкі қарулы қақтығысты тоқтатты. Кейіннен мандат 1796 (2008), 1825 (2008), 1864 (2009), 1879 (2009) және 1909 (2010) резолюцияларымен ұзартылды. БҰҰ НМ өз қызметін 2011 жылғы 15 қаңтарда тоқтатты.
Непалдағы БҰҰ Миссиясы қазақстандық офицерлер қатысқан алғашқы БҰҰ миссия болып табылады. Бауыржан Нығматулин мен Қайрат Ысқақов 2007-2008 жылдар аралығында қақтығысушы тараптар қол қойған бейбіт келісім тармақтарының сақталуын бақылау бойынша міндет атқарды. Олардың осы елде атқарған жұмыстары Қазақстан Республикасында бітімгершілік бағытының дамуына серпін берді.