" Біріккен Ұлттар Ұйымының Кот-д' Ивуардағы операциясы"
Біріккен Ұлттар Ұйымының Кот-д ' Ивуардағы (БҰҰ) операциясы Қауіпсіздік Кеңесінің 2004 жылғы 4 сәуірдегі 1528 (2004) қарарына сәйкес құрылды. БҰҰ қарарына сәйкес бұл миссияға Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастық күштері ұйымының (ECOWAS) өкілеттіктері мен 2003 жылдың мамыр айында Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан саяси миссия ретінде құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Кот-д ' Ивуардағы миссиясының өкілеттіліктері берілді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Кот-д ' Ивуардағы (БҰҰ) операциясы 2010 жылы болған президенттік сайлауы және сайлаудан кейінгі саяси дағдарыс кезінде де бейбіт тұрғындарды қорғау, гуманитарлық көмек көрсетуге жәрдемдесу, ивуари үкіметіне қарусыздану, демобилизация және бұрынғы жауынгерлерді қоғамға қайта бейімдеу бағдарламаларын жүзеге асыруда , сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласында көмек көрсету мақсатында елде қала берді.
Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі 2284 (2016) қарарымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Кот-д ' Ивуардағы (БҰҰ) операциясы 2017 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылды. БҰҰ Кот-д ' Ивуарда 13 жыл жұмыс істегеннен кейін, 2017 жылдың 30 маусымында өз мандатын аяқтады.
Қазақстандық әскери бақылаушылар үшін бұл миссия БҰҰ Жарғысының VII тарауына сәйкес жүзеге асырылған алғашқы миссия болды. Африка еліндегі қиын да қауіпті жағдайға қарамастан, Қазақстан Республикасы өзінің үш офицерін - Ақылбай Құсайынов, Рүстем Сүлейменов және Асылхан Аманғалиұлын осы елге әскери бақылаушы ретінде жіберді.