"Иракқа Бостандық" операциясы

"Иракқа Бостандық" операциясы

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2003 жылғы 22 мамырдағы шешімімен Ирак халқына өз елін қалпына келтіруге көмек көрсетуге шақырды. Қазақстан Республикасының Үкіметі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзіне алған халықаралық міндеттемелерге сәйкес, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шақыруына үлес қосу және Ирак халқына көмек көрсету үшін инженерлік-саперлік бөлімшені жіберу туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасы Парламентінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 134-II ҚРК қаулысына сәйкес бітімгершілік қызметке қатысу үшін Ирактағы тұрақтандыру күштерінің құрамына Қазақстандық "Қазбат" бітімгершілік батальонының инженерлік-саперлік бөлімшесі жіберілді.

Қазақстандық бөлімшеге қойылған негізгі міндеттер:

  • Жарылмаған оқ-дәрілерді іздестіру және жою
  • Далалық шарттарда сумен қамтамасыз ету пункттерін орнату
  • Суды тазарту және жергілікті халыққа медициналық көмек көрсету

Операцияға қатысу нәтижелері:

  • 4 миллионнан астам жарылмаған оқ-дәрілер жойылды
  • 7000 текше метрге жуық су тазартылды
  • Дельта базасының 4,5 км аумағына жарылысқа қарсы кедергілер орнатылды
  • 5000-нан астам жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетілді
  • Ирак әскери академиясының 572 курсанты саперлік іс бойынша оқытылды
Жалпы алғанда 2003-2008 жылдар аралығында ҚР ҚК қатарынан 290 әскери қызметші Ирак республикасына коалициялық күштер құрамына жіберілді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
_
Байланыс деректерi:

Заңды мекен-жайы:
Жароков көшесі - 210, Алматы қаласы 050060, Қазақстан Республикасы
Телефон:
+7 (727) 274 13 81
+7 (727) 274 83 00 (Fax)
Email:
kazcent@mod.gov.kz
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс Министрлігінің сайты