Жаңалықтар

Бітімгершілерге арналған ағылшын тілі

Бұл ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығында өтіп жатқан ағылшын тілі курсының атауы.

Оқыту курсы орталықтың әскери қызметшілеріне арналған және ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған.

Курс жетекшісі, көп жылдық тәжірибесі бар оқытушы Данияр Тоқтаров оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейіне ғана емес, сонымен қатар халықаралық тілдік тест тапсыруға деген сенімділікке ие болатынын атап өтті.

– Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен құрылған "Peacekeeping English Project" жобасы IELTS халықаралық емтиханын тапсыруға дайындық курсын өткізеді, - деп атап өтті Данияр Тоқтаров.

Оқыту бітімгершілік міндеттерді орындауда олардың тиімділігі мен табыстылығын арттыра отырып, әскери қызметшілердің нақты іс-әрекетінің контекстінде тілдік дағдыларды біріктіруге мүмкіндік береді.