Жаңалықтар

Қазақстандық нұсқаушылар шетелдік тыңдаушыларға азаматтық халықты қорғау қағидаттарын үйретеді

ҚР ҚМ Бітімгерлік операциялар орталығында (ҚАЗЦЕНТ) БҰҰ-ның «Халықты кешенді қорғау» халықаралық сертификатталған курсы басталды.


Курстың мақсаты тыңдаушыларды БҰҰ бітімгерлік операцияларында бейбіт тұрғындарды қорғау тұжырымдамасымен таныстыру, сондай-ақ халықтың осал топтары үшін қауіпсіздікті жоспарлау, ұйымдастыру және қамтамасыз ету кезіндегі жұмыс тәртібін түсіндіру болып табылады.

Иран, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы, Франция, Чехия, Жапония Қарулы күштерінің, сондай-ақ Қазақстанның күштік ведомстволарының әскери қызметшілері қатарындағы тыңдаушылар екі апта ішінде бітімгерлердің бейбіт тұрғындарды қорғау жөніндегі құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ азаматтық халықты қорғау жөніндегі мандаты бар БҰҰ миссиясының барлық элементтерінің тұжырымдамасы мен рөлін зерделейтін болады.

Бітімгерлік операциялар орталығының нұсқаушылары, сондай-ақ Қазақстандағы БҰҰ Кеңсесінің өкілдері курсқа қатысушыларға неліктен бейбіт тұрғындарды қорғау БҰҰ-ның бітімгерлік қызметі үшін басым міндет болып табылатынын және азаматтық халықты қорғай алмау тұтастай алғанда БҰҰ миссиясына деген сенімге қалай әсер ететінін түсіндіреді.

Сабақ жетекшісі майор Арман Тастанбеков түсіндіргендей, бұл курс Бітімгерлік операциялар орталығында өткізіліп жатқаны бірінші рет емес және курс сертификатталған болып табылады.

– Курстың барлық материалдарын БҰҰ Бітімгерлік операциялар департаментінің Біріккен дайындық қызметі әзірлеп, бекітті, – деді Арман Тастанбеков. – Және азаматтық халықты қорғау мандатымен БҰҰ миссияларына қатысуды жоспарлап отырған кандидаттар үшін қажет.

Сабақтар презентациялар, бейнематериалдар, топтық талқылаулар мен оқу сценарийлерінің үйлесімі арқылы өткізіледі. Топтық талқылау проблемаларды сценарийлер негізінде шешеді және пленарлық отырыстарда шешімдер ұсынады. БҰҰ-ның көпсалалы миссияларында жұмыс істеуге дайындық мақсатында қатысушылар аралас сценарийлер негізінде міндеттерді шешеді.

Курс осындай форматтағы іс-шараларды өткізу үшін арнайы жабдықталған жаңадан ашылған конференц-орталықта өтетін айта кеткен жөн.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға БҰҰ сертификаттары беріледі.