Іс-шара Нұр-Сұлтандағы және Душанбедегі ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар офисімен бірлесіп ұйымдастырылды және өткізілді.
Курс Қазақстаннан, Тәжікстаннан және Өзбекстаннан келген әскери мамандар үшін өткізілді. Нұсқашылар ретінде Босния және Герцеговинадан, АҚШ-тан, Сербиядан, Хорватиядан және ГФР-дан сарапшылар шақырылды.
Курстың мақсаты Орталық Азия өңірі мемлекеттерінен келген өкілдерді гуманитарлық минасыздандыру негіздерімен, сондай-ақ өңірдегі елдердің гуманитарлық минасыздандыру саласындағы әл-ауқатын нығайту.
Курстың практикалық бөлігі Қапшағай қаласындағы Минасыздандыру орталығында өтті, онда қатысушылардың гуманитарлық минасыздандыру элементтерімен және мақсаттарымен іс жүзінде танысуға және оны іске асыруға мүмкіндігі болды.
ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің өкілдері бүкіл ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне жоғары баға берді.