Бұл курстардың мақсаты БҰҰ бітімгершілік миссияларында түрлі деңгейдегі көп ұлтты штабтар жұмысына жалпы әскери тәсілді қамтамасыз ету үшін Орталық Азия елдері мен Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерін өрістету алдындағы даярлық бойынша ұлттық қолдау болып табылды. Сонымен бірге қатысушыларды халықтың осал топтарының жағдайын жақсарту және оларды зияннан қорғау мақсатында бейбітішілкті қолдау бойынша көп аспектілі операцияларда жұмыс істеу тәртібін түсіндірумен азаматтық тұрғындарды қорғау бойынша Тұжырымдамамен таныстыру.
Бұл курстар БҰҰ-ның түрлі миссияларында өрістетуге дайындалып жатқан әскери қызметшілерді даярлау мен оқыту жүйесіне қосылған БҰҰ Бейбітшілікті қолдау бойынша операциялар департаменті Хатшылығының Біріктірілген қызметін даярлау өкілдерімен бағалауға алынған.
Бұл курстарды сертификациялау бітімгерлерді дарлау бойынша оқу-білім беру база ретінде Орталықтың өңірлік деңгейін нығайтуға және шамасын кеңейтуге, сонымен қатар Орталық Азия және Алыс шет ел аумағы елдерінің тыңдаушылар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.