БҰҰ бітімгершілік операциясына Ұлыбритания ҚК-нің қатысуы» тақырыбына баспасөз маслихаты өткізілді.
Баспасөз маслихаты Ұлыбританияның бітімгершілік миссияларға қатысуда алған тәжірибелеріне және оған дайындалуға негізделді. Іс-шара барысында бітімгершілік қызметіне қатысты қызықтырған сұрақтар айтылды.
Баспасөз маслихатында келесі сұрақтар қарастырылды:
- БҰҰ-ның бітімгершілік тарихы, ағымдағы миссиялар және БҰҰ-ның миссиясына өз адамдарын жіберген мемлекет қандай артықшылық алады;
- жедел іс-әрекеттер театрындағы материалдық-техникалық қолдау;
- Қарулы Күштер жеке құрамының алдын-ала даярлығы;
- Ұлыбританияның Әскери доктринасы (бітімгершілік операциялар бойынша);
- Бітімгердің күнделікті өмірі;
- БҰҰ-ның басқа елдер адамдарымен және қабылдаушы тараппен өзара әрекеті (жедел, тактикалық деңгейде);
- Оңтүстік Судандағы далалық госпиталдің рөлі;
- жеке құрамды жауынгерлік әрекеттер театрынан кейін сауықтыруға жіберу;
- бітімгершілік операцияларының сарбаздар мен командирлердің психологиялық денсаулығына әсері.