Жаңалықтар

"Тұран" университетінің студенттеріне БҰҰ-ның қызметі туралы сабақ өткізілді

ҚР Қорғаныс Министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нигметуллин "Аймақтану және халықаралық қатынастар" кафедрасында оқитын 3-курс студенттерімен кездесіп, оларға Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметі және Қазақстанның бейбітшілікті қолдаудағы рөлі туралы дәріс оқыды.

Студенттерге Бітімгершілік операциялар орталығындағы бітімгершілерді даярлау қағидаттары туралы, біздің бітімгершілеріміз қатысатын БҰҰ миссиялары туралы ақпараттандыру жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, ЖОО-мен ынтымақтастық, ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығы мен "Тұран" университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында жүзеге асырылуда.