Жаңалықтар

Болашақ бітімгерлерге арналған француз тілі

ҚР ҚМ Бітімгершілік операциялар орталығында (KAZСENT) француз тілі курсының түлектеріне халықаралық үлгідегі сертификаттар мен дипломдар табыс етілді.

Салтанатты шараға арнайы қонақ – Алматы қаласындағы Француз Альянсының директоры Жанна Изтаулетова қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Франция мен Қазақстанның әскери ведомстволарының ынтымақтастығы аясында KAZCENT базасында Қазақстан Қарулы Күштерінің он әскери қызметшісіне француз тілін қарқынды оқытудың үш айлық курстары өткізілді.

Бақылау тестілеуінің нәтижелері бойынша барлық тыңдаушылар "DELF A1-A2"деңгейінде тілді табысты меңгергенін растады.

– Келешекте тыңдаушылардың тілді "B1" деңгейінде меңгеруі, - деп атап өтті орталықтың тілдерді даярлау басқармасының аға офицері майор Эдуард Хе. – Болашақта бұл әскери қызметшілердің негізгі қарым-қатынас тілі француз тілі болып табылатын Африка елдеріндегі бітімгершілік миссияларға қатысу мүмкіндігін ашады.