Жаңалықтар

Мәжілісмендер ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығына барды

Орталық нысандары бойынша парламентшілерді Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов алып жүрді.



Орталықтың қызметімен танысу конференц-зал мен оқу корпусынан басталды, онда KAZCENT қызметінің негізгі бағыттары. мысалы: әскери, полиция және азаматтық персоналды БҰҰ миссияларына қатысуға бітімгерлік және тілдік даярлау таныстырылды.



ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин бітімгерлік қызметті одан әрі дамыту және кеңейту туралы брифинг өткізді. Ол қазіргі уақытта қазақстандық бітімгерлер қатысатын миссиялар туралы айтып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанның сұрақтарына жауап берді.



- Біз дағдыларды үнемі жетілдіріп отырамыз, бітімгерлерді оқытуға мұқият қараймыз. Орталықтың қызметі Мемлекет басшысы мен Қазақстанның Қорғаныс министрінің тапсырмаларын орындау мақсатында жүргізілуде, ол БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін Қарулы Күштердің әлеуетін арттыру міндетін қойды, – деді Бауыржан Нығметуллин.



«Бітімгер» оқу орталығына барған кезде мәжілісмендер БҰҰ миссияларына қатысу үшін ұлттық контингентті бітімгерлік даярлау үдерісімен, сондай-ақ әскери қызметшілерді қару-жарақпен, әскери техникамен және мүлікпен жарақтандырумен танысты.



Мәжілісмендер бітімгерлік контингентін даярлаудың деңгейі жоғары әрі сапалы деп атап өтті.