Жаңалықтар

ҚР ҚМ Бітімгерлік операциялар орталығында (KAZCENT) түрік тілін үйрену курсы басталды

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы Түркия Республикасының Елшілігі арасындағы қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде еліміздің Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қатарынан жиырма төрт тыңдаушы тереңдетілген бағдарлама бойынша түрік тілін үйренуді бастады. Оның ішінде 10 адам KAZCENT базасында білім алуда.

Курстың мақсаты – «Intermediate» сөйлеу деңгейінде түрік тілін меңгеру, одан әрі жетілдірілген деңгейге дейін арттыру.

Орталық тілдерді даярлау басқармасының шығыс тілдері қызметінің офицер-оқытушысы Ербол Садықтың айтуынша, болашақта тілдік курсты сәтті меңгерген тыңдаушылар Түркия Республикасына оқуға жіберілмек.

Әскери қызметшілерге түрік тілін Афьон Кожатепе университетінің қазіргі түрік диалектілері мен әдебиеті кафедрасының доценті доктор Ахмет Караман үйретеді.

Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.