КАЗЦЕНТ көрмеге тағы да қатысты және өзінің стендін ұсынды. КАЗЦЕНТтің белсенді қатысуы алдағы уақытта Серіктестіктің оқу-білім беру орталықтары Қоғамдастығының шеңберінде әріптестікті өрлетудегі өзінің қызығушылығын көрсетеді. Өткізілген іс-шараға мән берген дерек – салтанаттың ашылуына НАТО Бас хатшысының орынбасары Роуз Гетемюллер ханымның және НАТО Әскери комитетінің өкілі авиация маршалы Стюарт Уильям Пичтің қатысуы.
Көрме барысында КАЗЦЕНТ қатысушылар мен қонақтарды Серіктестіктің оқу-білім беру орталықтар Қоғамдастығының шеңберінде өз қызметімен таныстырды, ұлттық және халықаралық білім беру бағдарламаларын орындау сұрақтарында тәжирибе алмасты, сонымен бірге Әріптестік және Альянс мемлекеттерде әскери қызметшілерді кешенді даярлауда қолданылатын заманауи әдістер және тәсілдермен танысты. КАЗЦЕНТ ары қарай өз өкілдерін
КАЗЦЕНТ Серіктестіктің оқу-білім беру орталықтар Қоғамдастығының шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараларына қатысу үшін өзінің өкілдерін жіберуге ниетті.