Жаңалықтар

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі алғаш рет БҰҰ ның Конго қаласындағы бітімгершілік миссиясына қатысады

Майор батыр Тұяқов Біріккен Ұлттар Ұйымының Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі бітімгершілік миссиясына әскери бақылаушы ретінде жіберілді.

Ол осы миссияға тәжірибелі офицерлердің бірі ретінде таңдалды. Оның артында БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштер штабының өзара іс-қимыл бөлімінің офицері ретіндегі бітімгершілік миссиясы бар.

Миссия мандатына сәйкес қазақстандық бітімгер 12 ай ішінде жанжалдан кейінгі аймақтардағы бейбіт процестерді бақылау және бейбіт уағдаластықтардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайтын болады.

Осылайша, Парламент қолдаған Президенттің Қазақстан Қарулы Күштерінің БҰҰ бітімгершілік миссияларына қатысуын кеңейту жөніндегі үндеуі орындалады.

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру миссиясы 2010 жылы бейбіт тұрғындарды, гуманитарлық қызметкерлерді қорғау және бейбітшілікті нығайту мақсатында құрылған.