Жаңалықтар

Бітімгерлік операциялар орталығында француз тілі курсы өткізіледі

Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің ішінен он тыңдаушыға халықаралық стандарттар бойынша француз тілін қарқынды үш айлық оқудан өту қажет.

Курс аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер тілді "А1-А2" базалық деңгейінде меңгеруі тиіс.

– Бұл курсты келесі жылы жалғастыру керек, – деп атап өтті орталықтың тілдерді даярлау басқармасының аға офицері майор Эдуард Хе. - Тыңдаушылардың тілді меңгеру деңгейін "В1" деңгейіне дейін арттыру да жоспарда бар. Болашақта бұл француз тілі негізгі қарым-қатынас тілі болып табылатын Африка елдерінде бітімгерлік миссиялардан өту үшін қазақстандық әскери қызметшілерді даярлауға мүмкіндік береді.

Курс Францияның Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясының қолдауымен ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн және оны Алматы қаласындағы "Француз Альянсы" мәдени-білім беру орталығының оқытушылар құрамы жүргізеді.