Жаңалықтар

«БҰҰ әйел әскери қызметкерлері курсы»

2018 жылдың 9-21 сәуір аралығында капитан Р.Шакеева «БҰҰ тоғызыншы әйел әскери қызметкерлер» курсына қатысты. Курс Үндістан, Нью-Дели қаласында орналасқан бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ Орталығымен ұйымдастырылып өткізілді.
Курстың мақсаты:
  • БҰҰ эгидасымен бітімгершілік операцияларға қатысу үшін қажетті дағдыларды жетілдіру;
  • миссия кезінде жанжалдармен байланысты, барлық азаматтық тұлғалармен балаларды және де сексуалдық зорлық-зомбылықты қоса отырып әйелдерді қорғау мәселелерін талқылау;
  • БҰҰ мүше-мемлекеттермен бірге қысқа мерзімде бітімгершілікті қолдау операциялары бойынша БҰҰ Деапртаментіне бітімгершілік операцияларға қытысу үшін дайындалған әйелдер әскери қызметкерлерінің санын арттыру бойынша ұсыныстар жасап дайындау;
  • Курсқа қатысушылар арқылы 2014-18 ӘСБ / БСОД гендерлік мәселелер бойынша Жоспарын іске асыру шеңберінде ақпараттық-пропагандалық қызметін атқару.
Екі жұма бойы нұсқаушылар құрамымен келесі тақырыптарда дәрістермен презентациялар өткізді:
  • БҰҰ құрылымы және ұйымы;
  • бітімгершіліктің принципі;
  • БҰҰ құрылымындағы әскери компонентінің рөлі;
  • бітімгершілік операцияларды бақылау, басқару;
  • бітімгершілік операциялар және далалық бөлімше;
  • жанжалмен байланысты сексуалды зорлық-зомбылық;
  • азаматтық тұрғындарды қорғау және қауіпсіздік;
  • жанжалдар кезіндегі балалар;
  • гуманитарлық ұйымдардың принциптері;
  • жергілікті тұрғындармен жұмыс;
  • тірі қалған құрбандар және олармен қарым-қатынас.
Курсқа 27 мемлекеттен 31 әйел әскери қызметкерлері қатысты. Оның ішінде Бангладеш, Бразилия, Канада, Колумбия, Дания, Мысыр, Фиджи, Финляндия, Германия, Үндістан, Иордания, Қазақстан, Монголия, Непал, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Нигерия; Руанда; Сенегал, Сьерра Леоне,
Шри Ланка, Оңтүстік Африка, Танзания, Тайланд, Уганда, Ұлыбритания және Уругвай мемлекеттері болды.
Аталған курс бейбітшілікті қолдау бойынша БҰҰ миссияларында штаб және байланыс офицерлерімен әскери бақылаушылар ретінде қатыса алатын әйел әскери қызметкерлер санын көбейту және дайындауға арналған.