Жаңалықтар

БҰҰ КАЗЦЕНТ КУРСТАРЫН СЕРТИФИКАТТАДЫ

Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақсыз мүшелігінің аяқталуы кезекті халықаралық сипаттағы мерекеге айналды. Ливандағы БҰҰ-ның Уақытша миссиясына ҚР ҚК әскери қызметшілерін даярлау мен жіберуді ойдағыдай жалғастыруда, 2019 жылдың 2 қаңтарында бейбітшілікті қолдау операциялар бойынша БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары Жан-Пиер Лакруа мырза «БҰҰ-дағы азаматтық тұрғындарды қорғау» және «БҰҰ-ның штабтық офицерлері» курстарының БҰҰ-ның стандартарына сәйкестігі туралы екі сертификатқа қол қойды.
Жоғары өңірлік мәртебе мен БҰҰ-ның сертификатталған курстарын өткізу мүмкіндігі бітімгершілік даярлыққа Орталық-азиялық өңір мемлекеттерінің өкілдерін ғана емес, сонымен бірге бүкіл халықаралық қоғамдастығын тартуға мүмкіндік береді. Қазақстанмен жүзеге асырылып жатқан барлық іс-шаралар кешені өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті нығайту жұмысындағы берік мақсаттың кепілі болады.
2018 жылғы 3-14 желтоқсан кезеңінде БҰҰ-ның сарапшысы подполковник Саиду Тафида курстардың БҰҰ-ның талаптары мен стандарттарына сәйкестігіне тексеру мақсатында КАЗЦЕНТ-ке бағалау сапарымен келді. Бір мезгілде өткізілген курстар сарапшының жоғары бағасын және келесі сертификацияларға оңды ұсыныс нәтижесін алды.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі табысты екі жыл БҰҰ-ның қамқорлығымен бітімгершілік әлеуетін ары қарай нығайтуда және бейбітшілікті қолдау бойынша операцияларда өзінің қатысуын белсенді жылжытуда Қазақстанның мақсатын көрсетті.