Жаңалықтар

ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ҮШІН АРНАЙЫ ТІЛДІК ДАЙЫНДЫҚ КУРСЫ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік даярлық орталығы Қазақстандық әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының педагогикалық шеберлігін арттыруға және теориялық білімдерін бекітуге бағытталған АҚШ Қорғаныс министрлігі Қорғаныс тілі институтының мамандарының оқыту әдістерін зерделеу бойынша мамандандырылған курс өткізеді.
Оқыту барысында Құрлық әскерлері Әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының шет тілі орталығы мен әскери кафедраларының оқытушылары оқытудың қазіргі заманғы әдістерін зерделеп, тәжірибе жинақтайды, ауызша және жазбаша тапсырмаларды әзірлеудің әртүрлі тәсілдермен танысады, аудиториямен жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Бітімгершілік даярлық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нигметуллин америкалық тарапқа Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі тілдік даярлықты дамытуға қосқан үлесі және оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға көмектескені үшін алғысын білдірді. Ол педагогика саласындағы заманауи әдістер оқыту процесін дамытуға, оны мазмұнды және қызықты етуге, студенттерді білім беру процесіне белсенді қатысуға итермелейтінін атап өтті.