Жаңалықтар

Бітімгерлер Көк-Жайлау үстіртінде шеруге шықты

ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығының ұжымы Көк Жайлау үстіртіне 20 шақырымдық жорық жасады.

Спорттық іс-шара ҚР Парламенті палаталарының Қазақстандық бітімгершілерді БҰҰ-ның миссияларына жіберу туралы шешіміне арналды және Қазақстанның бітімгершілік қызметінің өркендеуі мен дамуын бейнелейді.

Орталықтың жеке құрамы салауатты өмір салтын насихаттауға және туған өлкені танымал етуге бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде өткізетінін атап өткен жөн.