Подполковник Алтынбек Жалмұханов пен майор Батыр Тұяқов өткен жылдан бері Африка құрлығындағы Конго Демократиялық Республикасында БҰҰ-ның тұрақтандыру жөніндегі миссиясының құрамында қызмет етіп жүр.
Подполковник Алтынбек Жалмұханов миссияның орталық секторы Киванжа елді мекенінде әскери бақылаушылар тобының командирі болып қызмет атқарады. Оның қол астында Пәкістан, Иордания, Уругвай, Үндістан, Тунис, Непал, Оңтүстік Африка және Гана бітімгерлері бар.
Ол топ жетекшісі ретінде сектордың әскери бақылаушылар тобының операциялық тиімділігін, сондай-ақ қауіпсіздігі мен әкімшілік әл-ауқатын қамтамасыз етуге жауапты.
– Көлік құралдарын, жабдықтар мен қоймаларды бақылауға және оларды пайдалануға рұқсаты барын тексеруге жауаптымын. Әскери қызметшілерді практикалық тұрғыда оқытумен айналысып, команда мүшелерінің тиімділігіне баға беремін. Әскери бақылаушылар үшін командалық жұмыста жедел ақпарат алмасу маңызды, – дейді подполковник А. Жалмұханов.
Майор Батыр Тұяқов өткен жылдың қазан айынан бері Китчанга елді мекенінде БҰҰ миссиясы әскери бақылаушылар тобының офицері міндетін атқарады.
– Күн сайын жергілікті жерді патрульдеуді жүзеге асырамыз. Жауапкершілік аймағындағы барлық оқиғалар туралы есепті ақпаратты жіберіп отырамыз. Біз үшін басты міндет – халықтың осал бөлігі саналатын балаларды, әйелдерді мен қарттарды қорғау. Өңірде оларға гуманитарлық көмек көрсететін халықаралық ұйымдар жұмыс істейді, – деді майор Б.Тұяқов.
Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру миссиясы 1999 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен екінші Конго соғысы аяқталғаннан кейін бейбіт процесті бақылау үшін құрылған. 2024 жылғы жағдай бойынша Конгодағы БҰҰ бітімгерлік күштерінің саны 12 мыңнан асады. 49 елден келген әскери қызметшілердің ішінде екі қазақстандық офицер қызмет етеді.