Бұл алмасудың мақсаты батальон штабының процедураларын, шешім қабылдау үдерісін, күш қолдану ережесін әзірлеуді және АҚШ-та өткізілетін халықаралық жаттығуларға қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсетуі болды. Бұл іс-шара 2018 жылдың 3-24 тамыз айының аралығында «КАЗПОЛК» бітімгершілік бөлімінің қатысуымен өтеді.
Американдық сарапшылар АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында өткізілетін «Дала қыраны-2018» арнайы тактикалық бітімгершілік оқу-жаттығуларын дайындау және өткізу жоспарын ұсынды.
Бұдан басқа, Ұлыбританияның әскери сарапшылары бейбітшілікті қолдау операцияларында медицина және инженерлік оқыту, гендерлік және мәдени саясат бойынша сабақтар өткізеді.
Біздің бітімгершілердің осы халықаралық іс-шараға қатысуы АҚШ-та «Дала қыраны - 2018» халықаралық жаттығуларына жедел үйлесімділік пен дайындық аясында міндеттерді ойдағыдай іске асырудың кепілі бола алады.