Жаңалықтар

"Жас бітімгерші" балалар әскери-патриоттық лагері басталды

Қорғаныс министрлігі жастармен өткізетін әскери-патриоттық жұмыс шеңберінде Бітімгершілік операциялар орталығының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының балалары үшін бір апталық балалар лагері ұйымдастырылды.

Бірінші күні балалар Бітімгершілік операциялар орталығының әскери қызметшілері дайындаған қызыққа толы бағдарламаны тамашалауға "Бітімгер" оқу-жаттығу орталығына барды.
Балаларға әскери техника мен қару-жарақ үлгілері, сондай-ақ байланыс құралдары көрсетілді. Кейін жасөспірімдер жылдамдықпен, күшпен және шеберлікпен, жаттығу гранаталарын лақтыру, атыс қаруын бөлшектеу және құрастыру бойынша армия нормативтерін орындау кезінде бәсекеге де түсті. Соңында балаларға пневматикалық мылтықтардан ату мүмкіндігі берілді.

Оңтүстіктің ыстығына қарамастан, болашақ ел қорғаушылары жауынгерлік дайындық бағдарламасында қарастырылған барлық жаттығуларды үлкен құлшыныспен, ынта-жігермен және тебіреніспен орындады.
– Қандай тамаша, енді іс жүзінде біз әскери қызметтің оңай емесін білдік, – деп Бітімгершілік операциялар орталығы әскери қызметшісінің ұлы Ілияс Тәжібаев өз әсерін бөлісті. – Менің әкемнің жұмысы қиын, алайда өте қызықты!

Соңында бітімгерлер балаларға нағыз сарбаз ботқасының дәмн татқызды.
– Бұл балаларымыздың әкелерінің не істеп жатқанын білуге және сезінуге тамаша мүмкіндік, – деп атап өтті ата-аналардың бірі Айжамал Базар. – Бітімгершілік операциялар орталығында балаларымызға қуаныш сыйлап, керемет әсер еткені үшін рахмет айтамын.

Келесі күндері балаларды мәдени-демалыс, спорттық іс-шаралар, жорықтар мен экскурсиялар сынды қызықты бағдарлама күтеді. Балалар дельфинарийге, хайуанаттар бағына, Медеу таулы мұз айдынына барады, аспалы жолмен жүреді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі Ұлттық әскери-патриоттық орталығының мұражайына және "Даңқ мемориалына" экскурсиялар жоспарланған. Сонымен қатар, тау дайындығы орталығына да бару жоспарланған, онда тәжірибелі нұсқаушылар балаларға тау жағдайында өмір сүру ерекшеліктерін айтып, көрсетеді, сондай-ақ олар өздерін нағыз алпинистер сияқты сезінуге мүмкіндік алады.
– Алдағы апта Бітімгершілік операциялар орталығы әскери қызметшілерінің балалары ұмтылмайтындай қызықты өткізіп қана қоймай, шынығып шымыр болуға, пайдалы білім алуға және іс жүзінде машықтануға, сосын әрине жаңа достар табуға мүмкіндік береді, – деді Орталықтың аға офицері Ануар Арынғазиев.