Жаңалықтар

KAZCENT әскери қызметшілері халықаралық оқу-жаттығуларға тартылды

ҚР ҚМ Бітімгершілік операциялар орталығының (KAZCENT) офицерлері осы күндері гвардиялық гарнизонда өтіп жатқан "Казинде-2023" Қазақстан-Үндістан бірлескен оқу-жаттығуларына аудармашы ретінде жұмылдырылған.

Майор Нұрлан Төлегенов пен аға лейтенанттар Азиз Ақбердин мен Ертай Әмірбеков оқу-жаттығуға қатысушылар арасындағы толық өзара түсіністікті қамтамасыз етеді, бұл бірлескен міндеттерді үйлесімді орындау үшін өте маңызды және қажет.

– Сондай-ақ, біз үнді әскерилерін қазақ мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстырдық, – деп бөлісті KAZCENT тілдерді даярлау басқармасының аға офицер-оқытушысы, аға лейтенант Әзиз Ақбердин. – еліміздің жетістіктері туралы айтып берді.

Айта кету керек, аудармашы мамандығы әлемдегі ең күрделі және жауапты тіл мамандарының бірі болып саналады. Бұл маман әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдар арасындағы байланысты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.