Жаңалықтар

Америкалық ағылшын тілін оқыту саласындағы ынтымақтастық

2018 жылдың 16 - 21 сәуір айының аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрліктері арасындағы Бесжылдық Ынтымақтастық Жоспары шеңберінде, «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (КАЗЦЕНТ) Оқу орталығында АҚШ Әскери институтының шұғыл-жаттығу тобы нұсқаушылары Эрика Легроса мырза мен Алисии Хонек ханым болды.
Келу мақсаты: америкалық ағылшын тілінен сабақтар жүргізгенде КАЗЦЕНТ тілдік даярлыққа бағыттау бойынша бөлімінің оқытушылар құрамымен тренинг өткізу.  
Аталған кездесу оқытушылар құрамының кәсіби дамуына және оқу бағдарламасының тиімділігін арттыруға пайдалы болды. Қазақстандық тарап ағылшын тілін оқытудың барлық кезеңдерімен танысуға, сондай-ақ американдық ағылшын тілін оқыту үрдістерін жақсарту бойынша тәжірибелік кеңестер алуға мүмкіндік алды.