Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен ҚР Қорғаныс министрлігінің «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығының өкілдері өңірлік қауіпсіздік мәселелерін саралап, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде БҰҰ қызметін қолдаудағы маңызды рөлін атап өтті.
Талқылауда Алматыдағы шетелдік консулдықтардың өкілдері, Қазақстанның жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысып, БҰҰ-ның бітімгершілік қызметінің адам құқықтарын қорғаудағы тенденциялары мен жетістіктерін талқылады, сондай-ақ, адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне қолдау білдірді.