Жаңалықтар

«Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының офицері НАТО тарапынан өткізілген «Деректер қорын қолдану» курсына қатысты

НАТО-да бекітілген «Жедел әлеует тұжырымдамасы» бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 17-19 сәуір аралығында Әзірбайжан республикасының Баку қаласында «Деректер қорын қолдану» курсы өткізілді.
Курс мақсаты – НАТО стандарттарына сәйкес бөлімшелерді тексеруді тиімді жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу үшін «Деректер қорын қолдану» бағдарламасын үйрету. «ЖӘТ деректер қоры» бөлімшелерді тексеру кезіндегі басты элементтердің бірі болып табылады. Деректер қоры – бұл бөлімшелерді тексеру барысындағы ақпаратты жинау, өңдеу және есеп беру жұмыстарын жүргізуге арналған негізгі құрал. Бағдарламада жоспарлау, орындау және есеп беруге арналған модулдер бар.
Бұл іс-шараға НАТО мүшесі және серіктес елдерден 25 елдің өкілдері қатысты. Курсқа Қазақстан Қарулы Күштері тарапынан «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының офицері майор Тулесов Ермек Орынбаевич қатысты.