Жаңалықтар

Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің Орталық Африка Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясына (ОАА) қатысуы шеңберінде офицерлердің алғашқы ротациясы өткізілді.

Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің Орталық Африка Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясына (ОАА) қатысуы шеңберінде офицерлердің алғашқы ротациясы өткізілді.
Өткен жылдың жазында екі әскери қызметші Орталық Африка Республикасына (ОАР) жіберілді.
12 ай ішінде олар БҰҰ-ның ОАА-дағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі көпсалалы кешенді миссиясының құрамында штаб офицерлері ретінде қызмет етті.
БҰҰ бітімгершілік мандатын іске асыру мақсатында қазақстандық бітімгерлер елдегі ішкі жағдай туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі міндеттерді орындады, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға өз үлестерін қосты.
Естеріңізге сала кетейік, бітімгершілік контингентін дайындау жоспарлы негізде Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік операциялар Орталығында жүргізіледі.