Жаңалықтар

Ағылшын тілінің кезекті курсы басталды

ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығында (KAZCENT) Қазақстан Қарулы Күштерінің жетпістен астам әскери қызметшілеріне арналған кезекті ағылшын тілі курсы басталды.

KAZCENT тілдік даярлық басқармасының оқытушылар құрамы арнайы әзірлеген оқыту бағдарламасы американдық-ағылшын және британдық-ағылшын тілдерінің базаларында құрылған.

– Біз екі бағдарламаның ең жақсысын алдық, оларды біріктіріп, бірыңғай жүйеге бейімдедік, – деп түсіндіреді Орталықтың тілдік даярлық басқармасының бастығы подполковник Ратмир Кустубаев. – Біздің тыңдаушыларымыз тілді тереңірек үйреніп қана қоймай, курсты аяқтағаннан кейін де нәтижелі және әмбебап сөйлеу дағдыларына ие болуы үшін, бұл оларға болашақта көпұлтты ортада жұмыс істеу барысында көмектесуі керек.

Сабақтар Алматы қаласының білім беру тіл орталықтарының кәсіби лингвистері қатарынан тәжірибелі оқытушылардың, сондай-ақ шетелде біліктілікті арттыру курстарынан өткен орталықтың әскери қызметшілерінің басшылығымен өткізіледі. Олар жаңа әдістемелерді белсенді енгізуде, тілдік оқыту саласындағы стандарттарды жетілдіруде, осылайша бітімгершілік миссиялар үшін тілдік даярлықтың тиімділігін арттыруда.

Тыңдаушылар қазірдің өзінде аудио және бейнематериалдарды өз бетінше игеруде, сондай-ақ оқытушылардың тапсырмаларын орындауды қамтитын практикалық сабақтарды өте бастады.

Бұл курс тыңдаушыларға бітімгершілік миссияларға қатысу үшін тиімді тілдік дағдыларды ұсынады, сондай-ақ тыңдаушылардың кәсіби деңгейін арттырудың негізі болып табылады.

Айта кетсек, 2023 жылы KAZCENT базасында түрлі тілдік бағдарламалар бойынша екі жүзден астам әскери қызметші білім алды.