Жаңалықтар

ҚР ҚМ Бітімгершілік операциялар орталығында бақылау тексерісі өтті

Бір апта ішінде Орталықтың барлық жеке құрамы өтті. Негізгі мақсат – жеке құрамның білімін, жауынгерлік дайындық деңгейін жан-жақты тексеру, сондай-ақ бөлімшелердің үйлесімділігін, жауынгерлік дайындық жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын бағалау.

Тексерілетін пәндердің қатарына жалпыәскери жарғылар, мемлекеттік-құқықтық, кәсіптік және арнайы даярлық жатады.

Бағалау әскери қызметшілердің оқу пәндері бойынша тест тапсыру негізінде ғана емес, сонымен қатар атыс және дене шынықтыру дайындығы бойынша практикалық сынақтарды қабылдау нәтижелері бойынша да жүргізілді. Оқу пәндері бойынша бақылау сабақтары тұрақты орналасу пунктінде де, полигонда да өтті.

Бұдан басқа, Орталықтың бөлімшелері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді, әскери қызметшілерді жинау жүргізілді, оның барысында басқармалар мен қызметтердің белгіленген мерзімдерде мақсатына қарай қойылған міндеттерді орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі тексерілді.