Жаңалықтар

Алматыда "Қазақстанның бітімгерлері: Бейбітшілік миссиясы"атты бірінші форум өтті

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті ұйымдастырды.

Форумға БҰҰ-ның ҚР-дағы миссиясының, ҚР Қорғаныс министрлігінің, "KAZCENT" Бітімгершілік операциялар орталығының, Ұлттық қорғаныс университетінің өкілдері, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларының басшылары мен тыңдаушылары қатысты.

Жыл сайын 29 мамырда БҰҰ-ның халықаралық бітімгершілік күні атап өтіледі. Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға және БҰҰ бітімгершілік миссиясының қызметіне елеулі үлес қосуда. Бұл мемлекеттің рөлін және оның әлемдік аренадағы оң имиджін арттыруға ықпал етеді.

БҰҰ-ға кірген сәттен бастап Қазақстан осы беделді халықаралық ұйымның бейбіт бастамаларын кеңінен қолдайтын орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды актор болды және болып қала береді.

ҚР ҚМ Бітімгершілік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нигметуллин іс-шараға қатысушыларды қазақстандық бітімгерлерді даярлау жүйесімен егжей-тегжейлі таныстырды. БҰҰ құрылымдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін, кандидаттарға қойылатын халықаралық стандарттар мен талаптарды, әртүрлі өңірлер мен елдерде миссияларды орындау ерекшеліктері туралы айтты. Жалпы, орталықтың жұмысы елдің бітімгершілік контингентінің әлеуетін арттыруға, оның ішінде тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберіне бағытталған.

Форум жұмысы барысында адами капиталды қалыптастыру, атап айтқанда, ақпараттық технологияларды жауапкершілікпен және тұрақты пайдалану саласында білімі мен дағдылары бар білікті әскери кадрларды даярлау мәселелері көтерілді.

Бұл, әсіресе, қазіргі уақытта соғыс қимылдарын жүргізу әдептілігі мен тәсілінің өзгеруіне байланысты өзекті болып отырғаны атап өтілді. Осыған байланысты бітімгершілік миссияларда ақпараттық технологияларды пайдалану, соның ішінде жасанды интеллектті қолдана отырып, әзірлемелерді құру және тиімділігін арттыру маңызды болып отыр.

Жұмыс қорытындысы бойынша форумға қатысушылар бітімгершілік қызметі бойынша зерттеу жұмыстарын, әскери кафедралардың тыңдаушыларына арналған арнайы курстарды өткізу туралы ұсыныстармен қарар жобасын қарады. Олар сондай-ақ IITU базасында ҚР Қорғаныс министрлігінің қолдауымен Қазақстанның жоғары оқу орындарының бітімгершілік жөніндегі әскери кафедраларының әріптестік желісін құру бастамасын қолдады.