Жаңалықтар

Әскери қызмет: құмар ойындардан аулақ бол, өзіңнің артықшылықтарыңа көңіл бөл

ҚР ҚМ Бітімгершілік операциялар орталығының (KAZCENT) жеке құрамымен лудоманияның алдын алу немесе құмар ойындарға тәуелділік бойынша сабақтар өткізілді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Зухра Сәдуақасова психолог-практиктермен бірлесіп бітімгерлерге ойынға тәуелділіктің пайда болу себептері, олардың белгілері мен салдары туралы түсіндірді. Өмірлік мысалдар мен фактілер осы зиянды тәуелділікпен қалай күресуге болатынын, олардың қызметі мен жеке өміріне қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Оқыту сессиясы барысында KAZCENT әскери қызметшілерімен лудоманияны қоса алғанда, әртүрлі тәуелділіктерді еңсерудің мақсаттары мен тәсілдерін талқылауға бағытталған тренингтер өткізілді. Тренингке қатысушылар тәуелділікті жеңу контекстінде өздерінің жеке мақсаттарын талқылауға және нақты тұжырымдауға, сондай-ақ өз мақсаттарына жету үшін нақты қадамдар мен стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік алды.

– Лудомания немесе құмар ойындарға тәуелділік адамдардың психологикалық денсаулығына елеулі қауіп төндіреді,-деп түсіндіреді тәрбие және идеологиялық жұмыс қызметінің офицер-психологы аға лейтенант Санди Смағұлова. - Тәртіп, стресске төзімділік және концентрация маңызды рөл атқаратын әскери қызмет жағдайында лудомания жойқын әсер етуі мүмкін.

Айта кету керек, сабақтар Қарулы Күштерінде түрлі тәуелділіктердің, соның ішінде лудоманияның алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан психологиялық жұмыс шеңберінде ұйымдастырылды.