Жаңалықтар

Экологияны қолдайық

Осындай ұранмен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік операциялар Орталығы Үлкен Алматы көлі маңындағы аумақты тазарту бойынша "Аюсай" визит-орталығының әкімшілігімен бірлесіп акция өткізді.

Әскери қызметшілер жергілікті жерлердегі барлық қоқыстарды жинап, жеңіл өңдеу үшін қалдықтардың түрлеріне бөлді. Осылайша, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы туралы өз үлгісінде көрсету.

Акция әрбір қазақстандықтың өз елінің экологиясына ұқыпты қарау бойынша өз борышын орындауға назарын аударуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік операциялар Орталығының әскери қызметшілері түрлі экологиялық акцияларға тұрақты негізде белсенді қатысады және барлығын экологиялық таза Қазақстанды қолдау үшін акцияға белсенді қатысуға шақырады.