Жаңалықтар

Профилактикалық дипломатия саласындағы ынтымақтастық перспективалары

БҰҰ Орталық Азия бойынша Бас хатшысының арнайы өкілі Каха Имнадзе бастаған Орталық Азия үшін алдын алу дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталықтың (РҚДОО) делегациясы ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығына (KAZCENT) барды.

Таныстыру сапары барысында тараптар бітімгершілік дайындық саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың, өз курстарында екі тараптың сарапшыларын тартудың, сондай-ақ БҰҰ-ның гендерлік аспектілері, профилактикалық дипломатия және жастарды патриоттық тәрбиелеу шеңберіндегі әріптестіктің ықтимал перспективаларын талқылады.

Делегация басшысы Каха Имнадзе мырза бітімгершілік және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі бітімгершілік операциялар орталығының қызметі мен жетістіктерін жоғары бағалады.