Жаңалықтар

Жанжалдан кейінгі операциялар бойынша тәжірибе алмасу: Қазақстан мен Италия ынтымақтастықты нығайтуда

Италияның Турин қаласында бейбітшілікті сақтау жөніндегі операциялар бойынша сарапшылардың келіссөздері өтті, оған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығының (KAZCENT) делегациясы қатысты.

Іс-шара екі елдің әскери ведомстволары арасындағы 2023 жылға арналған ынтымақтастық жоспарының бөлігі болып табылады.

Кездесу барысында тараптар бітімгершілік қызмет контексіндегі жанжалдан кейінгі операциялар мәселелері бойынша өздерінің сараптамалық пікірлерін ұсынды және талқылады. Маңызды тақырыптар осындай операциялардың сәтті болуын қамтамасыз ететін негізгі аспектілер болды.

– Жанжалдан кейінгі жағдайларды шешу әлемдік қоғамдастық үшін зор маңызға ие, - деп атап өтті ҚР ҚМ Бітімгершілік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нигметуллин. - Қауіпсіздік және орнықты даму, гуманитарлық мәселелер, адам құқықтарын қорғау сияқты салаларды қозғайды.

Қазақстан мен Италия арасында осы салада тәжірибе алмасу жанжалдан кейінгі жағдайларда заманауи әдістерді түсінуді және қолдануды жақсартуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық екі елдің бітімгершілік күш-жігерінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді және жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікке деген ортақ ұмтылысқа сәйкес келеді.