Жаңалықтар

Әскери қызметшілер бітімгершілік миссияларға қатысу мақсатында тіл үйренуде

Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік даярлық орталығында тіл үйренудің қарқынды дайындығы бойынша кезекті курс аяқталды.

Қарулы Күштерден 66 әскери қызметші тіл үйрену курсын оқыды. Жарты жыл бойы оқытушылар көп ұлтты ортада тиімді қызмет ету үшін жеткілікті ауызекі сөйлеу, оқу, жазу машығын дамыту мақсатында тыңдаушыларға ағылшын тілін үйретті.

Бітімгершілік даярлық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин әскери қызметшілерге курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етті. Ал алған білім оларға бітімгершілік миссияның міндеттерін орындауда септігі тигізерін атап өтті. Бітімгерлер бейбітшілікті қалпына келтіруді, диалог пен сенімді қалыптастыруды қолдайтын, айрықша миссияны атқарады.

Сондай-ақ, орталықта Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған француз тілін қарқынды оқыту курсыда аяқталды. Офицерлер DELF A2 деңгейіне сәйкес қорытынды емтиханды жақсы тапсырды.