Жаңалықтар

Бітімгершілік дайындық орталығының нұсқаушылары қарулы қақтығыстардың құқығын зерделеуде

Алматыда Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік дайындық орталығының нұсқаушыларына халықаралық гуманитарлық құқықты зерделеу бойынша сабақтар ұйымдастырылды.

Бұл сабақтарды 6-9 қыркүйек аралығында өткізу жоспарланып отыр. Дәрістер курсы теориялық білім мен оқытушылық дағдыларды жетілдіруге бағытталған.

Бағдарлама аясында әдістемелік сабақтарды Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Аймақтық өкілдігінің мамандары өткізеді. Курсқа қатысушылар оқытушы ретінде де, оқушы ретінде де әрекет етеді. Бұл әдіс олардың әлеуетін, оның ішінде әдістемелік тұрғыдан анықтауға және келесі курстарға дайындық процесін жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Курс қорытындысы бойынша нұсқаушыларға тиісті сертификаттар тапсырылады.