Жаңалықтар

Қазақстандық бітімгерлер Мали Республикасынан елге оралды

Қазақстан Қарулы күштерінің екі әскери қызметшісі БҰҰ-ның Малидегі тұрақтандыру жөніндегі көпсалалы кешенді миссиясының құрамында (МИНУСМА) бір жыл қызмет еткеннен кейін Отанына оралды.

Африка Республикасында олар штаб офицерлері ретінде қызмет атқарды.

– Миссия барысында біз ақпарат жинап, талдау жасадық. Оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша штабқа ұсыныстар дайындадық, жауапкершілік секторларында БҰҰ базаларының дайындығын тексердік, – деп атап өтті бітімгер Ермек Төлесов.

Қазақстанға келгеннен кейін подполковник Е. Төлесов Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында оқытушылық қызметін жалғастырады. Ол БҰҰ-ның басқа миссиялары үшін бітімгерлерді дайындаумен айналысып, өз тәжірибесін бөлісетін болады. Себебі, Ермек Төлеуов Малиден басқа, бірнеше жыл бұрын Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясында қызмет еткен.