2018 жылғы 03 тамыз күні КАЗЦЕНТ базасында Орталық Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті (ХҚКК) өкілдігінің өңірлік өкілдерінің кездесуі өткізілді.

КАЗЦЕНТ базасында Орталық Азия және ҚР ҚК әскери қызметшілерімен білім беру іс-шараларын өткізу сұрақтарында ХҚКК серіктестіктігін ары қарай дамыту сұрағы талқыланды. Атап айтқанда:

Халықаралық гуманитарлық құқық («Соғыс құқығы») бойынша
ҚР ҚК бітімгершілік бөлімшелерінің әскери қызметшілерімен тұрақты негізде (жыл сайын) курстар/семинарлар өткізу. КАЗЦЕНТ нұсқаушыларын Халықаралық құқық бойынша босқындар құқықтары, адам құқықтарының халықаралық құқығы, Халықаралық қылмыстық құқық бойынша даярлауға көмек көрсету. Жоғарыда атап өтілген тематикалар бойынша курстар әзірлеуге көмек көрсету мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен бірге «Көп ұлтты операцияларда ағылшын тілінің терминологиясы», «Әлемді қолдау бойынша операциялардағы құқықтық аспектілер» КАЗЦЕНТ курстарындағы құқықтық тематикалар бойынша ХҚКК өкілдерінің қонақ-сарапшылар ретінде қатысуы. Ливан Республикасы мен Үндістан Республикасының салттары, мәдени айырмашылықтары және тұрғындарының ерекшіліктері тақырыбында дәрістер жүргізу. Халықаралық гуманитарлық құқық, балалар мен әйелдерді қорғау, босқындарды қорғау және т.б. әдебиеттер мен үндеулер ұсынуға көмек көрсету, соңында «Әскери-азаматтық өзара әрекет» курсын әзірлеуге көмек көрсету мүмкіндіктері туралы тақырыптар қозғалды.

Ағымдағы серіктестікті талқылау бойынша кездесу мақсаттары және алдағы уақыттағы КАЗЦЕНТ пен ХҚКК арасындағы бірлескен іс-шаралар бойынша ұсыныстар назарға алынды. Жоғарыда ескерілген сұрақтардың барлығы алдағы жылда қарастырылып жоспарланады.