Ағымдағы жылғы 18 қыркүйек «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының базасында Ливандағы БҰҰ бітімгершілік миссиясы бойынша (Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша күштері – БҰҰЛУК) Ұлыбритания ҚК өкілдерінің келуі жүзеге асты. Делегацияны Ұлыбритания Әскери атташесінің полковнигі Эндю Хoлтон басқарды.

Кездесудің мақсаты Ливан бойынша, сонымен бірге БҰҰЛУК бітімгершілік миссиясы толығымен көрсету болып табылды.

Келу мандат, миссия құрылымы, БҰҰЛУК дамуы, операцияны орындау аймағы (жауапкершілік аймағы) мен «көгілдір сызық», бітімгерлер қақтығысқан проблемалар мен қиындықтар, сонымен бірге шиеленістің тууы туралы қысқаша тарихи шолу БҰҰЛУК бойынша брифингінен басталды. Ары қарай толық Ливанның тәуелсіздік алу тарихына, географиялық орналасуы мен климаты, азаматтық соғыс, Израильдің басып кіруі мен «Хезболла» атты саяси және әскери саптың пайда болуы, соның салдарынан Араб-Исламдық мемлекет кұру мақсатымен Израильдің Ливан аумағына басып кіруіне қарсы тұру негізгі күшке айналуы бойынша тақырыптарға брифинг берілді. Қорытындылау брифингінде салттық ерекшеліктері, дін және елдің демографиясы, Ливанның экономикалық және саяси жағдайы бойынша слайдтар ұсынылды.

Кездесудің соңында Ұлыбритания өкілдері Қазақстан тарапын брифинг өткізуге көмектері үшін алғыстарын білдірді. Ұлыбритания алдағы уақыттада БҰҰ бітімгершілік миссииясына бітімгерлер құрамын даярлау сұрақтарында көмек көрсетуге ниетті.