2018 жылғы 25 қыркүйек күні Үндістан Әскери құрлық әскерлері Әскери колледжінің және Қорғаныс басқармасы колледжі делегациясының КАЗЦЕНТ өкілдерімен «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығына танысу сапары өтті.

Сапар мақсаты Үндістан ҚК жоғары командалық курсы офицерлерін «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығының құрылымымен, қызметімен және мүмкіндіктерімен таныстыру болды.

Майор Р.Б. Сулейменовпен, әкімшілік-хаттамалармен қамтамасыз ету бөлімшесінің бастығы, мақсаттар мен тапсырмалар туралы, оқу орталығының құрылымы мен қызметі туралы, қол жеткізілген нәтижелер және даму келешегі туралы таныстыру презентациясы ұсынылды. Бітімгершілік даярлығы курсы мен ағылшын тілі курстары жыл сайын Үндістанда өтетіндіктен, делегация ҚР ҚК әскери қызметшілерін және нұсқаушы құрамын оқытуға алуға, сонымен бірге КАЗЦЕНТпен өткізілетін курстарды даярлауға, ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетуге әзірліктерін білдірді. Бітімгершілік даярлығы бойынша бітімгершілік бөлімшелерімен далалық жаттығулар өткізу үшін мобильды-жаттығу топтарын бөлу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Кездесудің аяқталуы бойынша делегация Басшысы және әскери атташе бітімгершілік саласында ҚР Қорғаныс министрлігі мен Үндістан Қорғаныс министрлігінің арасындағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті. Осыған орай, олардың ой-пікірлері бойынша, «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығы Үндістан құрамынан бітімгершілік миссиясына аттану барысында Қазақстандық бітімгерлерін даярлау үшін жақсы база болып саналады. Сонымен бірге алдағы уақыттағы серіктестікте және көмек көрсетуде қызуғышылық танытылды.