2018 жылғы 17-21 қыркүйек кезеңінде «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының (КАЗЦЕНТ) базасында АҚШ ҚМ халықаралық құқықтық зерттеулер әскери институтының нұсқаушыларымен «БҰҰ эгидасы астында бітімгершілік операцияларын өткізу барысында адам құқықтарын сақтау» семинары өткізілді. Семинар орыс тіліне аударумен ағылшын тілінде жүрді.

Бұл іс-шараның мақсаты «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» Оқу орталығының нұсқаушыларын даярлау және Қазақстандық бітімгершілік полкінің әскери қызметшілерін БҰҰ эгидасы астында бітімгершілік операцияларын өткізу барысында адам құқықтарын сақтау сұрақтарында даярлау болып табылады.

Бұл семинар процессінде келесі сұрақтар талқыланды:

  • Адам құқықтары мен терроризм;

  • Адам құқықтарын сақтамауда командирлердің жауапкешілігі;

  • Халықаралық қарулы қақтығыс;

  • Ішкі қарулы қақтығыс;

  • Криминалды топтармен қолданылатын қатыгездік;

  • Күштерді пайдалану ережесінің шолу;

  • Қаруды пайдалану ережесі;

  • Бітімгершілік миссияларда заңды кеңесшінің рөлі;

  • Бітімгершілік миссияларда әскери заңгерлердің ашықтығы.

ҚР ҚК бітімгершілік әлеуетін нығайту сұрақтарының өзектілігін назарға ала отырып, бұл курста алынған білімді қатысушылар көп ұлтты ортада жұмысбарысында Қазақстанның түрлі бітімгершілік операцияларында БҰҰ-ның эгидасы астында, сонымен бірге қазақстандық бөлімшелердің халықаралық әскери оқу-жаттығуларға қатысу кезінде пайдалана алады.