2017 жылдың 4 қыркүйегінен 27 қазан аралығында «Халықаралық әскери білім және дайындық» (IMET 2018) бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрліктері арасындағы бесжылдық ынтымақтастық жоспары шеңберінде, «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (КАЗЦЕНТ) Оқу орталығында АҚШ Әскери институтының шұғыл-жаттығу тобы нұсқаушылары болды.

Келу мақсаты: ағылшын тілінен сабақтар жүргізгенде КАЗЦЕНТ тілдік даярлыққа бағыттау бойынша бөлімінің оқытушылар құрамына консультативті көмек көрсету.

Кездесу барысында сабақтар жүргізу әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу, ауызша тілдесу өткізу, грамматикалық метериалдар беру және оқушылардың фонетикалық дағдыларын дамыту арқылы тыңдармандардың оқу материалдардыц меңгеруіне басты үлесін қосты.